Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +27°
$
440.9
-0.02
475.95
+0.59
¥
60.95
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік офицер Қабанбай, Бауыржан мен Қасым сынды батырлардың мүсінін жасаған

Бір апта ішінде Қасым Қайсеновтің екі мүсінін жасап шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік офицер Қабанбай, Бауыржан мен Қасым сынды батырлардың мүсінін жасаған
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Өскемен гарнизонының №27943 әскери бөлімінде өз ісінің үздік маманы әрі он қолынан өнер тамған мүсінші Рай Оразбеков еңбек етеді. Ол соңғы кезде қолөнер шебері ретінде қалың жұртқа таныла бастады.

Жуықта ол Бауыржан Момышұлы мен Қабанбай батырдың мүсіндерін жасап шықты.

Әскери адам болса да жауапкершілік пен тиянақтылықты талап ететін бұл жұмысы оған бос уақытында мүсін жасауға еш кедергісін келтірмейді. Керісінше, ол өзінің сүйікті ісін сүйікті жұмысымен байланыстырып, өзін мүсінші ретінде дамытуға көп мүмкіндіктер алуда.

Рай Оразбеков - Зайсан қаласының тумасы. Мектеп жасынан-ақ сурет салуға деген бейімі болған. Ол Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанты атанған шағында да бойындағы өнерін жоғалтпаған. Керісінше дамытып, сурет салудан бөлек, мүсін жасауға машықтанды. 2019 жылы ол Гвардейск гарнизонының №30212 әскери бөлімінен Өскемен қаласындағы №27943 әскери бөліміне ауысып келеді. Осы кезде оның бойындағы талантынын әскери бөлім басшылығы байқап, оған дарынын дамытуға, талантын өшірмей, одан әрі жандандыруға мүмкіндік береді.

Менің бұл өнерімді басшылық байқады да маған ұзақ сақталатын қатты заттардан мүсін жасап көруімді ұсынады. Әскери бөлім Қасым Қайсенов есімімен аталған соң, маған қазақ батырының бюстін тұрғызып көруді ұсынды. Бұл менің өмірімдегі аса үлкен жауапкершілікке толы сәттердің бірі болды. Бір апта болмай мен Қасым Қайсеновтің бір емес, екі мүсінін жасап шығардым. Салыстырмалы тұрғыда бір мүсінге бір-екі ай уақыт жұмсалады, - деп атап өтті Рай Оразбеков.

Бір аптада жасалған батырдың екі мүсіні де әскери бөлім төрінен орын тапты. Біреуі гарнизондағы даңқты жауынгер атындағы музейге қойылса, екіншісі әскери бөлімнің кіре берісіндегі аллеядан тұрақ тапты. Сонымен қатар, мүсіншінің тағы бір туындысы Өскемендегі әскери қалашықта саябақ бой көтерді. Бүгінде бұл әскери отбасының мүсіні тамсанып, жанына жақындап естелікке суретке түсетін маңызды нысанға айналды.

№27943 әскери бөлімі полигонының бастығы бұдан кейін де бірқатар ілкімді істердің себепшісі атанады. Өткен жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанында әскери кафедра ашылады. Осыған орай, Рай Оразбеков Қабанбай батырдың бюстін жасап шығарды. Капитан бұл туындысын да созбаққа салмады. Небары бір апта өтпей дайын болады.

Райдың қолөнерден бөлек, әскери салада атқарған жемісті істері жетерлік. Оқу-жаттығу полигоны бастығы қазіргі күнде қауырт жұмысының қызу қарқынында қолөнермен айналысуды бір шетке ысырып қойған. Әскери қызмет мен үшін бірінші орында, - дейді ол. - Он саусағынан өнер тамған шебер жайында өңірдегі қолбасшылықта жағымды пікірде.

Алмас қылыш қын түбінде жатпайтындай, Рай бойындағы өнер әскери салада да бүрін жарып, қанат жайып келеді. Ол өз отбасында үш баланың ардақты әкесі. Шебер мүсінші, қамқор әке және жауапты әскери маманның өмірлік ұстанымы "адам боп өмірге келген соң, адам болып кету" ғана екен.

Следующая →