Өскеменде қант 459 теңгеден 437 теңгеге арзандады
Қант бұл бағада 24 сауда павильонында сатылады

Фото:
Устинка LIVE
"Ертіс" ӘКК" АҚ 2024 жылы қант бағасын тұрақтандыру бойынша жаңа келісімшарт жасасқан, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі.
Былтыр 459 тг-ден сатылған өнім биыл 437 тг-ден аспайтын бағада сатылады, - деп мәлімдеді "Ертіс" ӘКК" АҚ. - Қант бұл бағада әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 24 сауда павильонында сатылуда.
Келесім бойынша 2025 жылдың 2 қаңтарына дейінгі бір жылдық мерзімде 1500 тонна қант тұрақты бағамен сатылатын болады.