Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскерилер арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Әскери қоян-қолтық ұрысы Өскемен гарнизоны бастығының кубогы үшін өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскерилер арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Жыл сайын ұйымдастырылатын додаға күштік құрылым офицерлері биыл да асқан белсенділікпен қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Өскемен гарнизоны №27943 әскери бөлімінде Өскемен гарнизонының күштік құрылымдары және әскери бөлімдері арасында әскери қоян-қолтық ұрысынан сайыс өтті.

Гарнизон бастығының кубогы үшін жалпы саны 60-тан астам әскери қызметшіден тұратын 8 команда таласты.

Мұндай жарыстарды ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз - жеке құрамның дене дайындығы мен жауынгерлік әзірлігін шыңдау. Әскери қызметшілердің рухын көтеру. Біздің гарнизонда әскери қоян-қолтық ұрысы кеңінен насихатталып, тұрақты түрде дамып келеді. Жылдан жылға қатысушылар саны артып, қоян-қолтық ұрыстың шеберлері көбеюде, - деді №27943 ә/б дене даярлығы және спорт қызметінің бастығы аға лейтенант Алмас Айдарханов.

Дүбірлі сайыста сынға түскен жауынгерлер жоғары даярлықпен келгенін алғашқы жекпе-жектерінен көрсете білді. Сайыстың іріктеу кезеңінен бастап ақтық сынға дейінгі аралықта өткен жекпе-жектердің барлығы тартысқа толы болды.

Әскерде қоян-қолтық ұрыс әрбір әскери қызметшіні даярлаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жақын шайқаста атыс немесе басқа қару түрлерін қолдану мүмкін болмаған кезде әскери қызметші әртүрлі жауынгерлік және спорттық әдістерді өткізуі керек. Дәл осы әдістер қоян-қолтық ұрыстың негізін құрайды.

Следующая →