Өскеменде "морждар" мандарин таратады
Бұл шараға кез келген Өскемен қаласының тұрғыны атсалыса алады
"Буран" қысқы шынықтыру және жүзу клубының "морждар" тобының бастамасымен "Мандарин марафоны" өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Клубтың ашылуына 50 жыл толуына орай салауатты өмір салтын ұстанушы клуб мүшелері қала тұрғындарына жақсы көңіл күй сйлап, мандарин тарататын болады.
"Морждар" 31 желтоқсан күні сағат 12.00-де республика алаңынан бастап, ЖМК ауданына дейін жүгіріп барады.
Марафон республика алаңынан бастау алып, "Микен", "АДК" сауда үйінің маңындағы тротуар арқылы Ертіс көпірімен Сәтпаев көшесі, 50Б мекенжайына (соңғы пункт) дейін жалғасады. Қатысушылар осы маршрут бойынша мандарин таратып, адамдарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйламақ. Бұл шараға кез келген адам қатыса алады, яғни қолдау көрсетуге де, жарысқа қатысуға да болады, - деп хабарлады Өскемен қалалық әкімдігі.
Қатысу үшін +7707 173 4245 (Куаныш) телефон номері бойынша тіркелу қажет. Қатысушылардың медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы керек.