Өскеменде үш күн бойы жаңажылдық жәрмеңкелер өтеді
Бұл жолы облыс орталығында аудандардың ауылшаурашылық жәрмеңкелері үш күн қатарынан болады
28, 29, 30 желтоқсан күндері жәрмеңке Сәтпаев даңғылындағы "ТНП" СҮ маңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Жәрмеңкелер таңғы сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.
28 желтоқсанда Катонқарағай ауданының, 29 желтоқсанда Глубоковский ауданының, 30 желтоқсанда Ұлан ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлері келеді.
Қала тұрғындары жәрмеңкеге келіп, отандық тауар өндірушілерден арзан әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала алады.