Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан енді әскери көлік жүргізушілерін өздері дайындайды

Өскемен қаласындағы №3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы орталығында әскери көліктерді жүргізуге үйретеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан енді әскери көлік жүргізушілерін өздері дайындайды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім жауынгерлері әскери құрылымдарға тиесілі техникаларды және "D1" санатындағы көлік құралдарын жүргізу куәлігін ала алады.

ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, әскери қызметшілерді арнайы санаттағы көлік құралдарын жүргізуге Өскемен қаласындағы №3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы орталығында даярлайды. Мұнда ұландықтар 30 күн бойы теориялық білім алса, келесі айда тәжірибелік сабақтарға қатысты. Көлік жүргізуде өрістерін кеңейтіп, біліктіліктерін жетілдірген жауынгерлерге тиісті құжатты "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Азамат Габдуллин табыстады.

Мен бұған дейін В және С санатына жататын көліктерді ғана басқара алатынмын. Енді, міне, әскери құрылымдарға тиесілі 16 адамға арналған арнайы әскери техникаларды жүргізбекпін. Алдағы уақытта D санатындағы көліктерді де тізгіндейтін жоспарым бар. Әскери салада жүріп көлік жүргізу қабілетімді арттырғаныма қуаныштымын, - дейді №3514 әскери бөлімінің аға маманы - аға жүргізуші қатардағы Біржан Солтанғазин.

Ұландықтарды арнайы санаттағы көлік құралдарын басқаруға даярлау Ішкі істер министрлігінің "механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларын бекіту" туралы №862 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асуда. Еске салайық, 2022 жылы алғаш рет қолбасшылық қабырғасынан арнайы әскери техникаларды басқаруға даярлайтын заманауи оқу-материалдық база ашылған болатын.

Следующая →