Глубокое ауданында жас мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілуде
60 пәтерлік көпқабатты үй келесі жылы пайдалануға берілмек
Ауданда тағы бір жүз пәтерлік көпқабатты үй салу жоспарда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Глубокое ауданына жасаған жұмыс сапарым барысында Глубокое ауылындағы 60 пәтерлі жаңа үйде болдым, - дейді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - Жаңа жылдан кейін пайдалануға берілмек, тек электр энергиясын тарту ғана қалды. Барлық пәтерлер дайын түрінде берілмек, 27-сі "Отбасы банкі" арқылы расталып қойған.
Көктемде абаттандыру жұмыстары қарастырылған - балалар мен спорт алаңдары, жолдар мен тұрақ орындары жабдықталады.
Тағы бір 100 пәтерлі үй салу жоспарлануда.
Бұл өте маңызды, өйткені ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандар үшін тұрғын үй мәселесін шешу бірінші орында тұр, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.