ШҚО-да бал өңдейтін фабрика салынады
Ол облыс орталығында немесе Катонқарағай ауданынан бой көтеруі мүмкін
Бұл туралы Катонқарағай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгінгі таңда елдегі балдың 77 пайызы біздің Шығыс Қазақстан өңірінде шығарылады. Осы бағалы өнімді шетелге экспорттау үшін бал өндейтін фабрика салу жоспарланып отыр.
Катонқарағай өңірінде бал көп өндіріледі. Бірақ, шетелге сату үшін белгілі бір талаптар бар. Ол өндірістік бал болуы керек. Осы мақсатта біз арнайы фабрика салуды көздеп отырмыз. Облыс онаурызшылары балын сонда тапсыратын болады, бал сол жерде өңделіп, талапқа сай өнім экспортқа жөнелтіледі, – деді облыс әкімі.
Бұл жобаның іске асырылу тетіктерін облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары зерделеп жатыр.