Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде желтоқсаншылардың фото көрмесі ашылды

Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы кітапханада "Тәуелсіздік туын тіккендер!" фотосурет көрмесі ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде желтоқсаншылардың фото көрмесі ашылды
Фото:
О. Бөкей атындағы кітапханадан

Көрмеге қойылған фотосуреттер шығысқазақстандық желтоқсаншылар сыйға берген кітапқа сүйеніп шығарылған. Бұл кітапты әркім алып оқи бермейтіндіктен келушілерге фотосурет арқылы көрсетіп, таныстыру мақсат болған.

Көрмеде Желтоқсан көтерілісіне шыққан қайсар мінезді қайраткерлердің суреттері, өмірбаяндары беріліп, олар туралы жазылған кітаптар, газеттер мен журналдар топтастырылған. Қала халқы қазіргі заманның батырларымен жақын танысып, сол бір қиын заматтың тыныс-тіршілігіне бойлай алады.

Таяуда №3 мектеп оқушылары руханият ошағына келіп, көрмені тамашалап кетті. Олар көрмеге қойылған фотосуреттердегі тың ақпараттарды смартфондағы гугл-аудармашы арқылы бірнеше тілде оқи алды. "Тәуелсіздік туын тіккендер!" көрмесі 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Тарихымызды танытатын көрмеден қапы қалмаңыздар, - дейді О. Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.

Следующая →