Жерлесіміз Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылған байқаудың жүлдесіне ие болды
AMANAT партиясы "Ұлы дала" шығармашылық байқауын ұйымдастырған болатын
Күні кеше республикалық байқау қорытындыланып, жеңімпаздарының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жеңімпаздар арасында жерлесіміз, "Egemen Qazaqstan" газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы да бар. Ол "Ұлы дала" шығармашылық байқауының проза аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
300-ден астам шығарманың арасынан жүлдеге іліккен тілші проза жанрында алғаш бет бұрғанын айтады.
- Руханиятқа AMANAT партиясының үлкен көңіл бөліп отырғаны қуантады, - дейді Мерей Қайнарұлы. - Өткенде ғана Өскеменде “Кітап AMANAT” орталығы ашылды. Бүгін міне, “Ұлы дала” әдеби байқауды қорытындылап жатыр. Жүлдегерлерді құттықтауға келген республикалық “AMANAT” партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы партияның қаламгерлерге қашанда қолдау көрсетуге әзір екендерін айтты.