ШҚО-да бір тәулік ішінде 6 өрт болды
ШҚО-ның облыс орталығы мен аудандарында жер үйлер мен автокөліктерден өрт шыққан
Өрт сөндірушілер әсіресе аязды күндері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Шемонаиха қаласындағы Победа көшесінде пәтерде жатын бөлмедегі төбе, жеке заттар, жиһаз өртенді. Өрт сөндірушілер 18 шаршы метр аумаққа тараған өртті сөндірді. Һрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Алтай ауданының Чапаев ауылында Қонаев көшесінің бойында жеке тұрғын үйдің аумағында бір шатырдың астында орналасқан монша, отын қора мен көмір сақтайтын орында өрт шығып, өрт тұрғын үйге тараған. Келген өрт сөндірушілер жалпы ауданы 145 ш.м. аумақты шарпыған жалынды сөндірді. Өрттің алдын ала себебі - пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Сондай-ақ, Алтай ауданының Серебрянск қаласында Первомайская көшесінің бойында жеке тұрғын үйде 60 ш.м. алаңда веранданың ағаш шатыр конструкциялары өртенді.
Өскеменде Веерный бұрылысында екі иеге арналған тұрғын үйде пеш жағатын бөлменің төбе жабындарының ағаш конструкциялары өртенді. Өрттің алдын ала себебі - жылыту пешін орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Бұл түні көлік өрті де тіркелді.
Мәселен, Өскеменде Жібек жолы көшесінде тұрған "Mitsubishi Galant" маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі тораптар мен агрегаттардың жанатын бөлшектері өртенді. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.
Осындай себеппен Третья көшесінде тағы бір көлік өртенді. 2007 жылы шыққан "Skoda Oktavia" маркалы автокөлікте қозғалтқыштың мотор бөлігінің жанатын бөлшектері өртенген.
ШҚО ТЖД аязды күндері пеш жағу кезінде абай болуды ескертеді.
Мұржаларды уақытында тазалаңыз, жарықтарды бітеңіз. Пешті жағу кезінде балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз, - деп еске салады мамандар. - Электр жылытқыштарын пайдалану кезінде оны ешбір жағдайда түнде қалдыруға болмайтынын есте сақтаңыз. Кез келген басқа электр құрылғысы сияқты, оны перделер мен жиһаздардан қашықтықта орнату керек. Балаларға мұндай құрылғылармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Суық мезгілде көлік қозғалтқышын жылыту үшін ашық от көздерін пайдалануға болмайды және машинаның электр жабдықтарын өзіңіз жөндемей, маманға жүгінген жөн.
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.