Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі сарбаздарда қысқы оқу кезеңі басталды

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен гарнизонында қысқы оқу кезеңі басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі сарбаздарда қысқы оқу кезеңі басталды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Қысқы оқу кезеңі сарбаздарды жауынгерлік әзірлікке келтіріп, жеке құрамның іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі. Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы мұндай жауынгерлік сабақтарға белсенді қатысуда.

Жалпы, қысқы оқу кезеңінде әскерлерді жоғарғы жауынгерлік әзірлікке келтіруге, жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен далалық машығын жетілдіруге, бітімгерлік қызметті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери қызметшінің мәртебесін арттыру мен әлеуметтік сұрақтардың түйінін табуға басты назар аударылады.

Бұл шараның мақсаты – әскерлерді басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне қарасты барлық әскери бөлімдері мен құрылымдарында бекітілген жоспарға сәйкес қысқыкешенді тактикалық-саптық сабақтарын өткізеді. Қысқы оқу кезеңі бастапқы аптасындағы жауынгерлік әзірлікке келтірудің алдында қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, әскери қызметшілерге штаттық қару мен әскери техниканы бекіту шаралары және кешенді тактикалық-саптық сабақтарын өткізеді, - деді 27943 әскери бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

Өскемен гарнизонындағы барлық әскери бөлімдері жаңа оқу кезеңі дабыл қағылумен басталды. Дабылды естіген әскери құрам бір адамдай сапқа жиналды. Сабақ барысында жеке құрам, яғни бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, оның ішінде белгіленген аудандарға техникамен шығып, барлық әскери қызметшілердің практикалық іс-қимылдары жетілдірілді.

Қысқы оқу кезеңі бойынша жеке құрамға жауынгерлік даярлықтың деңгейін көтеру бойынша нақты міндеттер қойылды. Бөлімшелер мен бөлімдер жоғары жауынгерлік даярлыққа келтірілді.

Следующая →