Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды

ШҚО-да медициналық қызметтерді сатып алуға 91 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / 2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды
Фото:
Устинка LIVE

Медициналық ұйымдар сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерді орналастыруға өз өтінімдерін бере алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін жүргізеді. Көлемдерді бөлуге ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің ақпараттар базасына енгізілген медициналық ұйымдар қатыса алады.

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылға екі пакетте де медициналық қызметтерді сатып алу жоспарында 91 млрд теңгеден астам, оның ішінде МӘМС бойынша – 36 млрд теңгеден астам қарастырылған. 2023 жылы сатып алу жоспары 87 млрд теңгені құрады (алдағы жылы қаржыландыру 5%-ға өседі).

ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 2024 жылға арналған қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдер 2023 жылғы 1-4 желтоқсаннан 11-12 желтоқсанға дейін қабылданады. Денсаулық сақтау субъектілері қызметтерді сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерге келесі сілтеме арқылы өтінім бере алады: https://fms.ecc.kz/.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік медициналық ұйымдармен бірге, жекеменшік клиникалар да медициналық қызмет көрсете алады. Ең бастысы олар ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 27-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс. Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері ұсынылған құжаттардың медициналық көмек көлемін орналастыруға рұқсат беру үшін талаптарға сәйкестігін он күн ішінде тексереді.

Қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілген талаптарға сәйкестігі/ сәйкес келмеуі хаттамасы жасалады. Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері ұсынылған құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін он күн ішінде тексереді. Қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілген талаптарға сәйкестігі/ сәйкес келмеуі хаттамасы жасалады. Бұл ретте өтінімдері критерийлерге сәйкес келмейтін клиникаларға ескертулерді үш жұмыс күні ішінде жоюға мүмкіндік беріледі. Содан кейін өтінімдер қайта қаралып, комиссия көлемдерді бөледі.

Следующая →