ШҚО-да 35°С дейін аяз болады
7-15 желтоқсан аралығында еліміздің барлық облыстарында күн күрт суытады
"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес желтоқсан айында ауа райының жиі өзгеруі күтілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кейбір аудандарда қар көп жауып, боран болады деп болжануда. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман, көктайғақ, екпіні секундына 15-30 метрге дейін немесе одан да көп жел соғады деп күтілуде. Жауын-шашын тоқтап, тұрақсыз болған ауа райы аязға ауысады.
7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массасының келуімен еліміздің барлық аумағында ауа температурасы:
- Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -39°С, күндіз -35°С дейін;
- Ұлытау, Абай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35°С, күндіз -30°С дейін;
- Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде -23°С, күндіз -20°С дейін;
- Қызылорда облысында түнде -20°С дейін, күндіз -15°С дейін;
- Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында түнде -25°С дейін, күндіз -17°С дейін, таулы аудандарда түнде -30°С дейін, күндіз 15°С дейін;
- Атырау, Маңғыстау облыстарында түнде -18°С, күндіз -12°С дейін күрт төмендейді.