Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Германия университетімен дуальді оқыту жүйесі бойынша байланыс артпақ

ШҚО әкімі Германияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Германия университетімен дуальді оқыту жүйесі бойынша байланыс артпақ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ермек КөшербаевГФР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсенмен тараптардың ынтымақтастық және инвестиция мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осында неміс тілін тереңдетіп оқытатын екі мектеп бар екеніне өте қуаныштымын. Біз оларға міндетті түрде барамыз, - деді Моника Иверсен.

Облыс әкімі германиялық білім беру жүйесінің өзіндік артықшылықтарын атап өтті. 

Біз сіздердің елдің дуальды оқыту жүйесін тағы бір рет зерттегіміз келеді. Осыдан 13 жыл бұрын біздің өңір елімізде дуальды білім беруді енгізу бойынша көшбасшы болды. Биыл бұл тәжірибені қайта қолға алдық. Аймақтағы 40 колледждің 27-сі дуальды оқыту жүйесімен жұмыс істейді. Біз бұл жүйенің Германияда қалай іске асырылып жатқанын білгіміз келеді. Бізге өнеркәсіп саласының мамандары аса қажет. Машина жасау саласын дамытуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін орта буын инженерлер қажет. Бавария университеті мен біздің техникалық университет арасында ынтымақтастық байланысты жандандыруға мүдделіміз, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстан балының 77%-ы ШҚО-да өндіріледі. Оны өңдеп, тауарлық айналымға шығаратын зауыт қажет. Ара шаруашылығы өнімдері әртүрлі салаларда қолданылады. Егер сіздерде осындай жобаны жүзеге асыратын агрегатор-кәсіпорын болса біз қолдауға дайынбыз, - деді Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар, Моника Иверсенді Шығыс Қазақстандағы қысқы туризмді дамыту, шетелдік туристер мен спортшыларды қанағаттандыратын инфрақұрылым құру мүмкіндіктері қызықтырды.

Тараптар одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылауға келісті.

Следующая →