Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

С. Жұмаділова: AMANAT партиясын "жасарту" керек

Қазір партия мүшелерінің орташа жасы - 50 жас шамасында

Усть-Каменогорск и ВКО / С. Жұмаділова: AMANAT партиясын "жасарту" керек
Фото:
Amanat партиясының баспасөз қызметінен

Елдегі 100 мыңнан астам, ал облыс бойынша 5 мыңнан астам жас "Жастар Рухы" жастар қанатына мүше, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жаңа шақырылым депутаттарының құрамы 75%-ке жаңартылды, әйелдер саны 30%-ке дейін және 35 жасқа дейінгі жастар саны 14%-ке дейін ұлғайды.

Қазір партия мүшелерінің орташа жасы - 50 жас шамасында, - деп атап өтті ШҚО бойынша AMANAT партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I өңірлік форумындағы пленарлық отырыста партияның ШҚОФ төрайымы Сайрангүл Жұмаділова. - Бұл көрсеткіштерге қарап, партияны "жасарту" шараларын қабылдау керектігін түсінеміз. Біз жастарды тартып қана қоймай, олар үшін тартымды бола білуіміз маңызды. Жастармен жұмысты, өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезімді тәриелеуді, жастардың мәселелерін шешу және оларды партиялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын күшейтуіміз керек.

Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасында жастарды жұмыспен қамту мәселесі маңызды.

Ағымдағы жылы жоспар бойынша 2200 жасты жұмыспен қамту керек болса, іс жүзінде 3161 жас жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 267 адам тұрақты жұмысқа тұрса, тағы 4167 мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыс тапты. Сондай-ақ, 35 жасқа дейінгі 247 жас кәсіпкерге жылдық үстемеақысы 2,5% жеңілдік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілген, - дейді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Форум аясында AMANAT партиясының "Жастар Рухы" жастар қанатының ШҚОФ төрайымы жыл көлемінде атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есеп берді. Ұйым көптеген ірі әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың және қайырымдылық пен игі бастамаларды жүзеге асыруда.

"Жастар Рухы" жастар қанаты жыл көлемінде жастарға бағытталған 2 мыңнан астам шара өткізді. Мәселен, Полиция департаменті нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, "Есірткіге жол жоқ!" акциясы аясында жастармен профилактикалық кездесулер және есірткі жарнамаларын өшіру жұмыстары жүргізілді, - дейді "Жастар Рухы" жастар қанатының ШҚОФ төрайымы Қорлан Туғамбаева. - Сондай-ақ, "Қауіпсіз қоғам" қоғамдық кампаниясы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы рейдтер, түнгі уақыт аралығында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың қоғамдық орындардарда, түнгі клубтар мен мейрамханаларда ата-анасының бақылауынсыз жүруіне жол бермеу мақсатында мониторингтер және әлеуметтік эксперименттер жүргізілуде.

"Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері аймағымыздың, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады. Жастар осы іспен қатар туған өлкенің тарихын, дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды зерделеуге мүмкіндік алады.

Следующая →