Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көппәтерлі үйде атыс шығарған өскемендік азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Ешкімге зиян келмесе де оған 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Көппәтерлі үйде атыс шығарған өскемендік азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Фото:
pexels.com

Оқиға жазда орын алған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылдың жазында Өскемен қаласындағы көппәтерлі үйлердің бірінің тұрғыны мас күйінде үйіндегі калибрі 12 мм болатын тегіс ұңғылы аңшылық қарудан және 7,62 мм болатын ойық ұңғылы карабин қаруынан пәтердің ішінде және баспалдақ алаңына қарай оқ атқан. Нәтижесінде көрші пәтердің есігі мен ішіндегі заттар бүлінген.

Сотталушының кінәсі оның кінәні мойындауынан басқа жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, оқиға орнын қарау хаттамаларымен және баллистикалық сараптаманың қорытындысымен расталды, - делінген ақпаратта. - Сотталушының жасаған қылмысы ауыр қылмыстар санатына жатады және ол үшін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазалары көзделген.

Сот жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін және жасалу сипатын ескере отырып, сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сотталушы атыс қаруын сатып алу, сақтау, алып жүру және қолданумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →