ШҚО-да жыл сайын 10 мың тонна балық өсірілмек
Бұл өңірдегі балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейінгі жоспар
Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2030 жылға дейін әр жыл сайын 9774 тонна тауарлы балық, оның ішінде 8578 тонна ақсерке, 1151 тонна тұқы және 45 тонна бекіре балық түрлерін алуды жоспарлауда.
Балық өсіру көлемін арттыруға жұмыс істеп тұрған 24 шаруашылық және жаңа 6 шаруашылық құру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр, - деді Талғат Рахымжанов. - 2022 жылы өсірілген тауарлы балық көлемі 1297 тоннаны құрады, ал бүгінде 1600 тонна өсірілді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері күзет іс-шараларын өткізу барысында 970 хаттама толтырылып, 3 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушылардан 504 балық аулау құралы, көлік және жүзу құралдары, 693 иесіз немесе заңсыз орнатылған аулар тәркіленді.
"Таза су айдындары" балық қорғау акциясы барысында су қоймаларынан 420-дан астам ау алынып, 60 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Акцияға 523 адам және 155 техника жұмылдырылды, - деп толықтырды спикер.
Жалпы ШҚО аумағында 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді, оның ішінде 1 кәсіпорын Еуропалық одақтың талаптарына сәйкес келеді және ЕО елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын алды.
Сонымен қатар, жылдың басынан бері 13,1 млн-нан астам шабақ қатып қалу қаупі бар және қосылмаған тоғандардан құтқарылды. Зайсан-Ертіс бассейнінің балық шаруашылығы учаскелерінде жыл сайын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау бойынша іс-шаралар өткізіледі. Балықтың қатып қалуына жол бермеу үшін 7 мыңнан астам тесік бұрғыланды. Бұл жұмысқа 24 бірлік техника және 73 адам жұмылдырылды, - деп атап өтті Талғат Рахымжанов.