Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да АИТВ-ға экспресс-тестке онлайн тапсырыс беруге болады

ШҚО-да жыныстық қатынас арқылы АИТВ-инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбейген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да АИТВ-ға экспресс-тестке онлайн тапсырыс беруге болады
Фото:
Устинка LIVE

Адамның АИТВ жұқтырғанын сыртқы белгiлерi бойынша анықтау мүмкiн емес, мұны тек зертханалық зерттеулер арқылы ғана анықтайды.

Бүгінде АИТВ-инфекциясын ерте анықтау үшін 4-ші буын тест-жүйелері пайдаланылады. Мұндай тестілер организм инфекцияға жауап ретінде қалыптастыратын АҚТҚ-ға антиденелерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар жұқтырғаннан кейін 5-20 тәулік ішінде қанда пайда болатын p24 вирустық ақуыздың антигенін де анықтай алады.

АИТВ жұқтырып алдым-ау деп күмәндансаңыз, күтудің қажеті жоқ. Экспресс-тестті ЖИТС орталығынан, аутрич-қызметкерлерден, сенім пункттерінен, достық кабинеттерінен, үкіметтік емес ұйымдардан және тіпті арнайы постоматтардан онлайн-тапсырыстың көмегімен тегін алуға, сондай-ақ дәріханадан курьерлік жеткізілімге тапсырыс беруге болады, - деді ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марина Жеголко.

Антиденелер өте кеш, инфекциядан кейін 1-3 айға дейін пайда болуы мүмкін, ал тест қатынастан соң екі аптадан кейін инфекция бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Экспресс-зерттеу қан немесе қызыл иектің айналасындағы сұйықтық бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыста 240 адам алғаш рет туберкулезбен ауырды. Олардың ішінде 43 адамның АИТВ-мәртебесі бар.

Адамның иммун тапшылығы вирусы иммундық жүйенің қорғаныш функцияларын төмендетеді, - деп атап өтті ШҚО фтизиопульмонологиялық орталығы бас дәрігерінің м.а. Болатбек Елшібеков. - АИТВ-инфекциясы мен туберкулездің қабаттасуы иммундық жүйені одан әрі әлсіретіп, осылайша организмде вирустың шамадан тыс артуына әкеп соғады. Бұл асқынулар тудырады, тіпті өлімге әкеп соқтыруы да мүмкін.

Спикердің мәліметінше, 2023 жылдың 10 айында Шығыс Қазақстан облысында туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 32,8 құрады. Осыған ұқсас республикалық көрсеткіш 28,7-ге тең.

АҚТҚ жұқтырғандар арасында сырқаттанушылықты тіркеу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,2% -ға өскені байқалады.

Дәрігерлер емделуді неғұрлым ерте бастаса, ауру соғұрлым жеңіл өтеді деп ескертеді, өйткені кешенді терапия пациенттің иммунитетін қолдауға бағытталған.

Следующая →