Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түркістан облысында жоғалған баланың денесі кәріз құдығынан табылды

1 желтоқсан күні 4 жасар бала ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен

Новости Казахстана / Түркістан облысында жоғалған баланың денесі кәріз құдығынан табылды
Фото:
видеодан алынды / t.me/POLICE_of_KZ

Үшінші күні баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz.

Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды. Баланы іздеуге еріктілер, жергілікті тұрғындар мен оқиғаға бейжай қарай алмаған азаматтар көмек көрсетті.

Іздеу барысында жақын маңдағы аумақтарды, тұрғын үйлерді аралау жүргізілді. Қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала бара алады-ау деген басқа да орындар тексерілген.

Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде, 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан (септик) табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Следующая →