Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаихадағы балаларға оңалту орталығы қажет

Аудандағы неврологиялық патологиясы бар балаларға көмек көрсететін арнайы орталық керек

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаихадағы балаларға оңалту орталығы қажет
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Бұл туралы Шемонаихадағы орталық аудандық аурухананың бас педиатры айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жас маман Алзира Асылбекова бір жылдан бері Шемонаиха орталық аудандық ауруханасында дәрігер-педиатр болып жұмыс істейді. Семей медициналық университетін тәмамдаған Алзира Асылбекқызы еңбек жолын Павлодар қаласында бастаған.

Шемонаиха аудандық ауруханасының шақыртуыны жас маман еш ойланбастан қабылдапты. Жалпы ауданда 8 800-ден астам бала бар.

imgonline-com-ua-Resize-B9NZwrp7UKOU.jpg

Мектепте оқып жүргенімде-ақ болашақта қандай мамандықты таңдайтынымды шешіп қойғанмын, медицинадан басқаға қызықпадым. Бүгін мен медицина университетінде оқытқан принцип бойынша жұмыс істеймін: педиатр баланың досы болуы керек. Мен балаларды күлімсіреп қарсы аламын, жасын, көңіл-күйі қандай екенін сұрап, көңілдерін аулаймын. Баланы өзіңізге жақын тартсаңыз, оның денсаулығының кілтін табу да оңайырақ, - дейді Алзира Асылбекова.

Педиатр ұстанатын емдеудің негізгі принципі – зияныңды тигізбеу. Маман медициналық көмек хаттамалары мен стандарттарын қатаң сақтайды. Антибиотиктерді тек көрсетілімдер бойынша тағайындайды.

Аудандық педиатрдың міндетіне мүгедектікті ресімдеу, науқастарды облыстық стационарларға жатқызу да кіреді, патронаж қызметіне жетекшілік етеді.

Патронаттық қызмет дегеніміз - балалардың денсаулығына қамқорлық жасау ғана емес, әлеуметтік жағдайы қиын жанұяларды да анықтауымыз керек. Біздің медбикелерге ішімдікті шамадан тыс пайдаланатын ата-аналардың есік ашпайтын кездері болады. Ал ішінде, құлыптаулы үйде балалар болады. Әрине, мұндай жағдайларда біз әкімдікке, мектепке, қамқоршылық қызметіне хабарлаймыз, - дейді дәрігер.

Алзира Асылбекова тек ағымдағы жұмыстарын ғана атқарып қоймайды, бұрын олардың ауданында көтерілмеген мәселелермен де айналысады. Мысалы, бір балада ақуыз-энергия жеткіліксіздігі бар, бұл ауыр дерт. Сирек кездесетін дертке шалдыққан сәбиді арнайы тамақпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК-ға) кірмейді. Аудандық педиатр ретінде Алзира Асылбекова бір жасар баланың анасын осы проблемамен бетпе-бет қалдырмай, қолынан келген көмегін аямады. Нәтижесінде арнайы тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

Аудандық педиатр балалар дәрігері тек балаларды емдеп қана қоймай, олардың ата-аналарымен де сөйлесе білуі керек екенін айтады. Өйткені әр ана үшін оның баласының ауруы ерекше назар аударуды қажет етеді. Әрине ата-аналар әр түрлі, бірақ әрқайсысының көңілін таба білу керек.

Мүмкін кейбір ата-аналар маған әлі күнге дейін жас маман деп сенімсіздікпен қарайтын шығар. Бірақ қабылдауда бір рет болғандар маған сенеді және менің ұсыныстарымды тыңдайды. Әрине күрделі жағдайлар кездеседі, ондай кезде аға буын әріптестер көмекке келеді. Біздің ауруханада ұжым жақсы. Аға буын әріптестер көмектеседі. Бас дәрігер Бақыт Таймасоваға, бас дәрігердің орынбасары Александр Николаевичке қолдау көрсетіп, маған сенім білдіргендеріне ризамын, - дейді балалар дәрігері.

Алзира Асылбекова ауданға келген жас маман ретінде баспанамен, көтерме ақымен қамтамасыз етілді. Ол сондай-ақ өзінің жоспарлары мен армандары туралы айтты.

Біздің балаларымызға оңалту орталығы қажет екені айдан анық. Осы жобамен мен аудандық әкімдікте болдым. Неврологиялық патологиясы бар балалар көмек ала алатын орын болса деп армандаймын, - деп бөлісті жас дәрігер.

Осы күзде жас дәрігер Шемонаиха ауданының дәрігерлер тобының құрамында Түркияда "Medipol" медициналық орталығында тағылымдамадан өтті.

Алзира Асылбекова бос уақытында велоспортпен айналысады. Тіпті, көктем шыға жұмысқа, жалпы қалада велосипедпен жүруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ, тауға шығуды, ұзақ қашықтыққа жүгіруді ұнатады.

Следующая →