Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Курчатовтық командир Ұлттық ұлан үздігі атанды

Ұлттық ұланның батальондық бөліністегі офицерлердің кәсіби шеберлігі тексерілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчатовтық командир Ұлттық ұлан үздігі атанды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Үш күнге созылған сайысқа әр жауынгер сақадай сай дайындықпен келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Сайысқа қатысушылар - әскери бөлім арасындағы жарыста суырылып алға шығып, топ жарып шыңдалғандар. Кіл үздіктер бас қосқан байқауда офицерлер "үздік батальон командирі", "үздік штаб бастығы", "батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары" аталымдарын өзара сарапқа салса, сержанттар құрамы "үздік взвод сержанты", "үздік бөлімше командирі" атану жолында жан алып, жан берісті.

imgonline-com-ua-Resize-V9PfRgzYBQ7Cv3Q.jpg

Сайысқа әскери бөлімдерден іріктелген 30 офицер мен 14 сержант қатысуда. Шара мақсаты жеке құрамды жетілдіру. Байқау барысында олар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдау тәсілі, жалпы әскери жарғылар және де дене шынықтырудан сынақ тапсырды. Сонымен қатар атыс алаңында әртүрлі позициядан белгілі бір нысанаға оқ жаудырды, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Еркен Жанабергенов.

Сайыс қорытындысы бойынша №3514 әскери бөлімінің арнайы комендатурасының коменданты майор Елдос Исин қаруластарынан оқ бойы озып шығып, "үздік батальон командирі" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ол келесі кезеңге дайындықта дене шынықтыру сынағына басым көңіл бөлмек.

imgonline-com-ua-Resize-zynMUT6U43nvB.jpg

Мен бұл байқауда екінші рет өз бағымды сынап тұрмын. Бүгінгі жеткен жетістігіме қуаныштымын. Сын-сайыста бәсекелестік тудырған №5518 әскери бөлімінің намысын қорғаған әскери қызметші болды. Алайда жарыс барысында өзімді қамшылай түстім. Нәтижесінде, міне, үздік атандым, - дейді №3514 әскери бөлімінің арнайы комендатурасының коменданты майор Елдос Исин.

Ұлттық ұланның батальондық бөліністегі офицерлердің кәсіби шеберлігін тексеру бойынша ұйымдастырылған байқауда алдыңғы санаттан көрінгендер келесі жылы қаңтар айында өтетін сайыстың үшінші кезеңіне жолдама алды.

Следующая →