Катонқарағай мен Марқакөл аудандарын қалпына келтіру үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?
Жаңа аудандарда кадрлар жетіспеушілігі мәселесі күрделі
ШҚО әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында екі ауданды қалпына келтіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Түркістандағы Ұлттық құрылтай отырысында ел Президенті Катонқарағай және Марқакөл аудандарын қалпына келтіру туралы жариялады. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бар, экономикалық есептеулер жасалды, штат бірліктері, материалдық-техникалық базаны нығайту, объектілерді салу және жөндеу бойынша орталық мемлекеттік органдарға тиісті өтінімдер енгізілді. Бірақ кадрлық мәселе күрделі болып қалуда, - деді Ермек Көшербаев.
Өңір әкімінің айтуынша, шекара маңындағы ауылдарда денсаулық сақтау және білім беру, мәдениет және демалыс нысандарын дамыту, жолдардың сапасын арттыру, интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.