Алтай қаласында абайсыздық салдарынан адам қаза болды
Бүгін таңертең Алтай қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шықты
Түтінге бөккен үй ішінен бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
30 қараша күні таңертең Алтай қаласындағы Абай көшесінде жеке тұрғын үйде өрт шықты, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өрт сөндіру қызметкерлері жеткенде үйдің қабырғасы және ағаш едені жанып жатқан. Газ-түтіннен қорғау тобы түтінге толы үйді барлау кезінде 1965 жылғы үй иесінің денесі табылды.
6 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына абайсыздық себеп болуы мүмкін.