Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қаладағы инфрақұрылым мен ТҮКШ мәселелеріне енді Қайрат Танекенов жетекшілік етеді
Ол бұған дейін қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімін басқарған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары лауазымына Қайрат Танекеновтың кандидатурасы облыс басшылығымен келісіліп, бекітілді.
Қайрат Әуелбекұлымен бұрыннан бері әріптес екенімізді айтып өткім келеді. Жас маман болып келіп, бес жыл ішінде қалалық әкімдіктің құрылымында кәсіби жағынан айтарлықтай өсті, жұмыстың көптеген бағыттарын зерделеп, әріптестерінің құрметіне бөленді, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Шаһар басшысы жаңа орынбасарының маңызды лауазымда жұмысын озық стильде жалғастырып, табыстарға қолжеткізетініне сенім білдірді.