ясно
°
$
501.79
-1.56
595.07
+4.44
¥
72.16
-0.12
6.56
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бір үйдің екі баласын ит талап тастаған

Глубокое ауданының Белоусовка ауылында тұратын бір отбасының екі баласы да Ана мен бала орталығында жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да бір үйдің екі баласын ит талап тастаған
Фото:
Устинка LIVE

Балалардың біріне шұғыл түрде ота жасалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ақпаратты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Ит қапқан бір үйдің екі баласы облыстық Ана мен бала орталығына түсті, - деді басқармасының баспасөз хатшысы Асем Қайратбек. - Бірі 21 қараша, екіншісі 25 қараша күні жеткізілген. Екеуі де қазір стационарда ем алып жатыр. Біреуі көз микрохирургиясы бөлімшесінде, екіншісі нейрохирургия бөлімшесінде. Бір баланың көзінің маңайы, қабағынан жарақат алғандықтан шұғыл ота жасалды.

Балалардың бірі бастапқыда ауруханаға түскенде өзін ит қапқанын айтпаған. Ол құлап, маңдайын шыны кесіп кетті деген. Бірақ кейін шындығын айтқан көрінеді.

Анықталғандай, балалар әдеттегідей көрші үйге ойнауға барғанда көршінің иті талап тастаған.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Екі баланы ит талады Ана мен бала орталығы