Өскеменде автобус жаяу адамды қағып кетті
Ауыр дене жарақатын алған жаяу адам оқиға орнында көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында Абай даңғылында "Гаван көпірі" автобус аялдамасы маңында орын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Маршруттық автобустың жүргізушісі жаяу адамды қағып кетті, ол ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі - көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтыруы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.