Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Шығыс салбурыны-2023": бас жүлдені Алматы облысының бүркіті алды

Құсбегілер сайысы енді шығыста дәстүрлі түрде жылда өтетін болады

Усть-Каменогорск и ВКО / "Шығыс салбурыны-2023": бас жүлдені Алматы облысының бүркіті алды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бабадан мирас болған бекзат дәстүрімізді дәріптейтін фестиваль Ұлан ауданында осымен үшінші жыл жалғасын тауып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Биыл 3 күнге созылған турнирге төрт мемлекеттен және еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам құсбегі қатысты. 75 бүркіт, 30-дан астам қаршыға мен ителгі сайысқа түсті. Одан өзге, асау үйретіп, тазы жүгіртуден, садақ атудан да жарыс болды.

Бозанбайдың "Бүркіт төбе" жотасындағы бұл жарысты тамашалауға биыл мыңға жуық адам келді, оның ішінде шетелдіктер де бар.

imgonline-com-ua-Resize-EIgpvFGKhpgVkI.jpg

Ұлан ауданында құсбегілер фестивалі үшінші рет өткізіліп тұрғанымен, биыл халықаралық статус беріліп отыр. Енді жыл сайын өтетін болады. Фестиваль ауқымын одан сайын кеңейтеміз. Негізі бұл шараға шетелдік туристерді тарту үшін жағдай жасалуы керек. Келесі жылы осының барлығы жіті ойластырылып, шетелдіктердің санын көбейтеміз, - дейді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Құсбегілік, саятшылық - қазақтың көне салт-дәстүрі. Қыран құс, құмай тазы, жүйрік ат – көшпелі ата-бабамыздың айнымас серігі. Бұл фестиваль қонақтардың әрқайсысына көне көшпелі қазақ өмірінің атмосферасын сезіндірді. Облыстың әр ауданы "Бүркіт төбе" жотасында 16 ақшаңқан киіз үй тікті. Бірінде қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсетіліп жатса, енді бірінде қолөнер шеберлері өнерлерін ортаға салып, бірінде ұлттық тағамдар дайындалып жатты.

Үш күнге созылған сайысқа 70-тен астам бүркіт, 20 ителгі, 20 қаршыға келді. Мен осы салада қызмет етіп келе жатқан соңғы 35 жылда шығысқа осыншама құсбегілердің жиналуы бірінші рет. Оның үстіне Қытай Халық Республикасы, Монғол Халық Республикасы, Қырғызстанның, Ресейдің спортшылары келді. Бұл бабалар мұрасына үлкен құрмет, - дейді "Қыран" ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы республикалық "Қыран" федерациясы" қоғамдық қорының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы.

Іріктеу кезеңінде жыртқыш құстар 700 метр қашықтықтан иесінің шақыруымен ұшып, қырандар шырға салудан сынға түсті. Жартылай финалда қоянды еркін аулау болды. Ал финал – түлкі аулаудан өткізілді.

Қорытынды бағдарламада иесінің шақыруымен қаршығаның, сұңқардың, бүркіттің ұшуы және ұшқан кезде ителгіні шырғаға салуы, бүркіттің түлкі, қоян аулауы, сұңқар мен қаршығаның көгершін аулауы керек болды. Нәтижесінде алматылық Алмас Сейітжан турнирдің үздік бүркітшісі атанды. Жерлестеріміз де жүлделі орындардан құралақан қалған жоқ.

Бүркіт құсы бойынша:

  • 1-орын – Сейітжан Алмас, Алматы облысы;
  • 2-орын – Жалғасұлы Серікболсын, Жамбыл облысы;
  • 3-орын – Болат Нұрдос, Жамбыл облысы;
  • 4-орын – Жұмағұл Ерсұлтан, ШҚО;
  • 5-орын – Көдеков Мұрат, Алматы облысы.

Қаршыға құсы бойынша:

  • 1-орын – Ғалым Самғат, ШҚО;
  • 2-орын – Байетбай Ермұхан, ШҚО;
  • 3-орын – Сейітжан Аян, Алматы облысы.

Ителгі құсы бойынша:

  • 1-орын – Сандыбай Ерлан, Түркістан облысы;
  • 2-орын – Төлегенұлы Темірәлі, Қарағанды облысы;
  • 3-орын – Күнтуған Серікбек, Астана қаласы.

Фестивальдің ерекшелігі – қазақтың тазы тұқымды иттерінің 1000 метрге жүгіруі және асау жылқыларды қолға үйрету еді.

imgonline-com-ua-Resize-jHBmyK8925KW4dIG.jpg

Тазы жарысында "Шаша" атты тазы ит жеңіске жетті (иесі Нұрлан Тілеужанов, Жетісу облысы). 2-орын "Лашын" атты тазыға берілді (иесі Мейір Жетпісов, ШҚО Тарабағатай ауданы). 3-орын "Көк қасқа" атты тазы итке тиесілі болды (иесі Темірлан Азизов, Зайсан ауданынан).

Ал асау үйрету бойынша Бозанбай ауылының тұрғындары Манат Ақжол (1-орын), Маркс Ақжан (2-орын), Жанболат Сейіт (3-орын) асау жылқыны бағындыра білетін ең үздік атбегілер екенін көрсетті.

imgonline-com-ua-Resize-5cTPUzjigdwmJ.jpg

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Фестивальға Жарма ауданынан келген қонақтардың бірі Мәдениет Кәрімов Шығыс Қазақстан өңірінде құсбегілік өнері ерте дамығанын айтады.

Құсбегілік біздің шығыста ерте дамыған. Алтайдың ақиығы, Қалбаның қаракері дейтін тіркестер қалған... біздің бүркіттер Қазақстан бойынша өте бағалы, өте қырағы келеді, - дейді КСРО кезінде 10 жылдай өзі де бүркіт баулыған Мәдениет Қапарұлы. - Құсбегілік бізге ата-бабамыздан қалған. Шығыста менің арғы атам Нұрпейіс қажы бүркітші болған. 1880 жылдары Қалба өңірінде Ташмұхамбет деген би болған. Сол Ташмұхамбет бимен бірге аңға шыққанда Нұрпейіс қажының бүркіті қасқыр алған екен. Сол аталарымыздың жолын мен де жалғап, КСРО тұсында 10 жылдай құс баптаумен айналыстым. Сол уақытта Ұлан ауданында Өзбек Манапов деген керемет құсбегі болды. Жапондар келіп сол кісі туралы қысқа метражды фильм де түсірген.

Ал әлемге аты әйгілі қазақтың бүркітші қызы Айшолпан бұл жолы құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Шығыс Қазақстан облысына осымен екінші мәрте келіп отырмын. Биыл өзіммен бірге ата-анам да еріп келді. Болашақта тарихи Отанымызға көшіп келу жоспарда бар. Ал биылғы фестиваль жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар бірінен-бірі өтеті, дайындықтары мықты. Біздің қазақы салт-дәстүрімізді осылай дәріптеп, дамытып жатқанына қуаныштымыз, - дейді Айшолпан.

imgonline-com-ua-Resize-42oYvorTLkP.jpg

Қонақтар арасында шетелдіктер де болды.

Қазақстанға биыл алғаш рет жұмыс бабымен келдім. Қазір Өскеменде неміс тілінен сабақ беремін. Ел де, қала да ұнады. Құрбыларыммен бірге бүркітшілер фестивалін тамашалауға келдік. Бұрын-соңды бұндайды көрмегенмін. Керемет әсер алдым, мені таңғалдырған қызыққа толы сапар болды, - дейді Германиядан келген Мия.


Фото:
автордікі
Следующая →