ШҚО-да қызылшамен ауырғандар арасында дертті шет елде жұқтырғандар бар
Ағымдағы жылдың 22 қарашасындағы жағдай бойынша ШҚО-да 87 адамнан қызылша анықталды
Науқастардың негізгі үлесін (83,9%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (73 жағдай), деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД ақпаратына сүйеніп.
Ересектер арасында 13 жағдай тіркелсе, жасөспірімдерден тек бір адамнан қызылша анықталған.
Науқастар Өскемен қаласында көп, бұнда 70 адам тіркелді. Ал аудандар бойынша Глубокое ауданында - 3, Зайсанда - 1, Алтайда - 2, Самарда - 8, Ұлан ауданында 3 жағдай анықталды.
Сырқаттанушылық негізінен екпе алмаған адамдар арасында тіркелді – 81,6% немесе 71 адам. Оның ішінде 18 жағдай - жоспарлы вакцинация жасына жетпеу, 23 жағдай - медициналық қарсы көрсетілімдер, 26 жағдай - вакцинациядан бас тартқандар, 4 - жағдайында екпе алу мүмкіндігін өткізіп алғандар. Бұрын вакцинацияланған 3 адам және иммундық мәртебесі белгісіз 13 адам қызылшамен ауырған, - дейді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.
Жүргізілген эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде науқастардың 17,6% немесе 13 адам Алматы, Атырау, Стамбул (Түркия) қалаларында және Тәжікстан елдерінде ауырып, дертті елге әкелгендер.
Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. 4719 адам медициналық бақылауға алынды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 3435 бала қамтылды. Барлық қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау 21 күн жүргізіледі.
Науқастармен байланыста болған 84 адамға қызылшаға қарсы екпе егілді (100%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 37 балаға.
Қазақстан Республикасының халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды, - дейді департамент басшысы. - Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларды қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) басталды. 6 айдан 11 айға дейінгі 8672 бала екпе алуға жатады.
21 қарашадағы жағдай бойынша күніне 1511 балаға (17,4%) екпе жүргізілді, 2-4 жастағы екпеге жататын балалар саны – 26121, егілгені 19 (0,07%) екпе алды, бір реттік екпе алғандар 254, екпеге жататындардың 15,6% құрады (1628). 55 жасқа дейінгі екпеге жататын медицина қызметкерлері - 5300.
Егер жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, оларға дереу түрде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып індетке қарсы екпе алу қажет. Бұл індеттің алдын алудың ең тиімді жолы - қызылшаға қарсы екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты ем жоқ екені бәріне белгілі, - деп еске салды Қанат Тұрдиев.