Өскеменде ағаш отырғызуға арналған орындар бекітілді
Жергілікті билік өкілдері ең алдымен жаңадан тұрғызылып жатқан шағын аудандар мен қала сыртындағы тас жолдардың шетін көгалдандырмақшы
Фото:
kabarrakyat.co
Облыс орталығында көктемгі ағаш отырғызуға дайындық басталып та кетті. Өскемен қалалық құрылыс және қала құрылысы бөлімі жаңа жасыл желектердің пайда болатын орындарын бекітті. Яғни, биыл сол жағалудағы Жібек жолы көшесі, Сәтпаев даңғылынан Меновное кентіне дейін және 19 шағын ауданындағы жаяу жүргінші жолдары мен саябақ, бажов көшесіндегі саябаққа ағаштар отырғызуға болады.
Сонымен қатар, шамамен 500 гектарлы аумақты 20,21 және 27 шағын аудандардағы тұрғын айқмақтардың ортасы мен қаланың оңтүстік шекарасын көгалдандыруды жоспарланып отыр. Ново-Явленка ауылы арқылы өтетін Семей тас жолының және Қасым Қайсенов кетінен Таврия ауылына дейінгі жолдарының жиектеріне ағаштар отырғызылмақ.
Ал қала тұрғындары өзін-өзі басқару комитетінің келісімімен өз аулаларын көгалдандыра алады. Сондай-ақ, мектептердің аумағына ағаш отырғызуға қатысты мектеп әкімшілігімен келісуге болады.
Следующая →