Өскемендік мектептерге эвакуацияланған тұрғындарды көшіруі мүмкін
Қаламызда құрылған селдің алдын алу тобы келер тасқынға дайындалуда. ШҚО ТЖД жәнеТЖБ мамандары Сограда рейд жүргізді
Фото:
Устинка Live
Бұл жолы Скалистая көшесі тексерілді. Бұл көше тұрғындары жыл сайын тасқынды айтып, шулайды. Көктемнің жылы күндері қар еріп, сел баспас үшін, мамандар үй иелерін ауланы қардан тазартып, су ағатын су бұрғыш каналын жасап, қажетті құралдарды дайындап қоюды тапсырды.
- Біздің тізімімізде барлығы 700 үй. Оларда 1640 тұрғын тұрады. Мұнда Городская, Кубинская, Рахмановская, Узбекская, Депутаттар, Кутякова, Якутская, Сафонова, Комарова, Заводская, Рабочая, Пограничная, Горно-Алтайская, Скалистая, Дружинников, Юннатов, Согринская, Яблоневая көшелері кіреді, - деді Өскемен қалалық Төтенше жағдай басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Валентин Литвиненко.
Гражданская және Городская көшелерінде жаңаны бекіту және себу жұмыстары жүргізілуде.
- Қаупі бар аймақтарға мамандар жиі шығып отырады. Өзендер мен аңғарлардағы су деңгейі үнемі бақылауда, - деді Валентин Литвиненко.
Селдің алдын алу тобы жақын арада қалалық тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына кәсіпорындардағы ТЖ алдын алу шаралары туралы ескертіп, өзін-өзі басқару комитеттеріне көшелерді тазалау жайлы ақпарат береді.
Сонымен қатар, қалалық білім бөлімдеріне мектептерді тұрғындарды жартылай эвакуациялауға дайындап қою сұратылады.