Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО құтқарушылары жатақхана тұрғындарына ТЖ кезінде әрекет етуді үйретті

13-17 қараша аралығында ел аумағында "Жатақхана" жедел алдын алу іс-шаралары өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО құтқарушылары жатақхана тұрғындарына ТЖ кезінде әрекет етуді үйретті
Фото:
ШҚО ТЖД

Өңірде барлығы 28 қонақ үй мен жатақхана нысаны бар, олардың басым бөлігі Өскемен қаласының аумағында орналасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Шығыс Қазақстанда азаматтық қорғау, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен құрылған мобильді топтар жатақханалар мен хостелдерді аралап, өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерінің сақталуын қадағалауға бағытталған 25-тен астам профилактикалық рейд ұйымдастырды.

Қрт сөндірушілер төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелерін үйрету үшін жатақхана тұрғындарымен бірге өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.

Соңғы жылдары өңірде жатақханаларда 3 рет өрт шықты, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов. - Ұзын дәлізді ғимараттарда өрт шықса, түтін бүкіл қабатқа тез жайылады. Осындайда қосалқы шығу жолдары жабық болса, іштегі тұрғындарды эвакуациялау мүмкін емес. Жатақханаларда жиі кездесетін қателіктер: дәліз бен баспалдақтарға түрлі заттармен бөгеу; бөлме ішінде темекі шегу; өрт қаупі бар электр сымдарын және қолдан жасалған электр тұрмыстық құралдарын пайдалану.

Следующая →