Биыл Қазақстаннан 42 мың тоннадан астам ет шетелге жөнелтілген
Әсіресе ірі қара малдың мұздатылған еті сыртқа көп шығарылыпты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 9 айда Қазақстан 118,3 млн долларға ет экспорттады, деп деп хабарлайды Устинка LIVE.
Биылғы тоғыз айда (қаңтар-қыркүйек) Қазақстаннан 121,7 млн доллардың 42,4 мың тонна еті және ет өнімдері экспортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5% артық (32,2 мың тонна), - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы. - Оның ішінде жыл басынан бері 118,3 млн долларға 40,3 мың тонна ет экспортталды, ал өткен жылы осы кезеңде 104 млн долларға 30,4 мың тонна экспортталған, өсім 32,5% құрап отыр.
Бұл санаттағы экспорттың ең көп көлемі ірі қара малдың мұздатылған еті бойынша байқалды – 4,4 есе (171 тонна – 2023 ж, 38,3 тонна – 2022 ж), бұл ретте ірі қара малдың салқындатылған етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 12,6% төмендеген (11,8 мың тонна – 2023 ж , 13,5 мың тонна - 2022ж).
Ал ет өнімдері бойынша жоғарыда аталған кезеңде жалпы сомасы 3,3 млн долларға 2 мың тонна экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2% артық (2022 ж 3,8 млн долларға 1,8 мың тонна).