Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді
Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін аудан өнерпаздары концерт қойып, ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырады
Алтай ауданы – ШҚО-дағы маңызды өнеркәсіптік аймақтарының әрі ең ірі аудандардың бірі, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Туған жер – Алтын бесігім" жобасы аясында 24 қарашада сағат 17.30 "Ертіс концерт" залында Алтай ауданының үздік шығармашылық және музыкалық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
25 қарашада сағат 08.00 Қ. Сатпаев көш., 39 мекенжайындағы "ТНП" сауда үйінің аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жергілікті тауар өндірушілердің, шаруалар мен шаруа қожалықтарының өнімдерінің кең ассортименті қолжетімді бағамен ұсынылады: ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал.