Семейдің орталық көшелері көлге айналды
Семейде жолдарды су басып кеткен. Қаладағы сусорғыш кәріздер жұмыс істемейді
Фото:
bragazeta.ru
Семейде күннің күрт жылынуынан үйілген қар еріп, орталық көшелерді көлге айналдырды. Бүгінде қаланың қақ ортасында орналасқан базар маңында жаяу жүргінші тұрмақ, көлік қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты»
Жол жиегінде арық болмағандықтан көлкіген су жүргізушілермен қатар саудагерлерді де әбіргерге салуда. Олар тауарларын аман сақтап қалу үшін қолдан бөгет жасап жатыр. Алайда, қап-қап қылып құмды қанша тастағанымен қызыл су бой беретін емес дейді. Ашынған сатушылар сылбыр қимылдайтын коммуналшыларға шүйлігіп отыр. Себебі, олар таң атқалы су сорғызуға екі-ақ рет келіпті. Онсыз да шұрық-тесік көшелер енді суға толып, жүргізушілер қып-қызыл шығынға батуда.