Өскеменде жағалаудың қоршауынан құлап кеткен қыз көз жұмды
Кеше "Ғашықтар аллеясында" өзен жағалауының қоршауынан құлап кеткен қыз табылған болатын
![Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жағалаудың қоршауынан құлап кеткен қыз көз жұмды Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жағалаудың қоршауынан құлап кеткен қыз көз жұмды](/upload/iblock/aca/lzc02302muui7hjknchrvde1c67ckcqr/imgonline_com_ua_Resize_RMbHmrpJvW2.jpg)
Оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ертіс жағалауында есінен танып жатқан оны тұрғындар көріп, құтқарушылар мен жедел жәрдем шақыртқан.
Өскеменде Новаторов-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қыз парапеттен жерге құлап кеткен. Мамандандырылған жасақтың құтқарушылары зембілдің көмегімен көтеріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне жеткізді. Олар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Ал бүгін оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Ол өзі де дәрігер болған екен.
Оның жағалау қоршауынан қалай құлап кеткені анықталуда.