Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
480.61
+1.23
534.53
+2.90
¥
67.76
+0.18
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Полиция қызметкерлерін балағаттаған ШҚО тұрғынына қатысты тергеу басталды

Өзі заң бұза отырып, тәртіп сақшыларына тіл тигізген азаматқа айыппұл салынуы мүмкін немесе қамауға алынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Полиция қызметкерлерін балағаттаған ШҚО тұрғынына қатысты тергеу басталды
Фото:
Polisia.kz

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полицейлер оның ірі қара малдың ұшасын тиісті құжаттарсыз тасымалдап бара жатқанын анықтаған.

Тәртіп сақшылары көлікті тексеріп, заңсыз тасымалдауды растайтын заттай дәлелдемелерді тәркілеуді бастаған. Осы кезде жолаушылардың бірі агрессивті мінез-құлық танытып, айналасындағы адамдарды құрметтемей, заңды талаптарды мойынсынбай, полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтуды жалғастырған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілдерін қорлағаны үшін 41 жастағы жолаушыға қатысты ҚР ҚК-ның 378-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Аталған бапта 80 АЕК көлемінде айыппұл салу, не түзеу жұмыстарын жүргізу, не 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Следующая →