Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да полиция мен өрт бақылау инспекторлары жатақханаларды тексеріп жүр

Олар өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалап, тұрғындарға ережелерді ескертуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да полиция мен өрт бақылау инспекторлары жатақханаларды тексеріп жүр
Фото:
ШҚО ТЖД

Жалпы облыс бойынша 20 жатақхана бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Республика бойынша "Жатақхана" жедел-профилактикалық шарасы басталды. Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары бірлесіп, өрттің алдын алу шеңберінде рейдтер жүргізеді және жатақхана тұрғындары мен әкімшілігіне өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, өздерін және мүлікті қалай қорғау керектігі туралы ескертеді, заңнама мен қоғамдық тәртіптің сақталуына назар аударады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Осы орайда айта кеткен жөн, соңғы үш жылда Шығыс Қазақстанда жатақханаларда 3 өрт болды.

Жоспарлау ерекшелігіне байланысты бөлмеде немесе дәлізде өрт болған кезде тұншықтырғыш түтін бүкіл қабатқа тез тарап, түтінге толады. Ал егер қосалқы шығу жолы жабық болса, тұрғындарды эвакуациялау мүмкін емес. Көбінесе тұрғындар дәліздер мен баспалдаққа әртүрлі заттарды қойып тастайды, өрт кезінде ол тез шығуға кедергі жасайды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Следующая →