Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан сарбазы грант иегері атанды

Ұлттық ұлан сарбаздары әскерде жүріп, білім грантын ұтып алды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан сарбазы грант иегері атанды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің сарбазы "Әскери міндеттілер 2.0" сандық платформасы арқылы таңдаған мамандығына оқуға түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мерзімді әскери қызметшіге білім сертификатын табыстау рәсімі сарбаздарды құрметтеу кешінде ұйымдастырылды.

Жауынгерлік ту ортаға шығарылып, әнұран шырқалған салтанатты шараға әскери бөлім ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары және әскери қызметшілер қатысты. Бір жыл ішінде Отан алдындағы борышын абыройлы өткергендер әскери бөліммен қимастықпен қоштасуда. 2-2022 жылғы шақырылымының сарбаздарына ақжол тілеген әскери бөлім командиры подполковник Медет Ертайлақов жауынгерлік қызметте үздік танылғандарға мадақтау қағаздарын табыстады, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Тағылымға толы кештің, әсіресе, қатардағы жауынгер Ризат үшін мән-мазмұны бөлек. Командир қолынан білім сертификатын алған ол Павлодар облысындағы жоғары оқу орында білім алмақ. Әскерге дейін музыкалық колледжді тәмамдаған ол алдағы уақытта ұлттық өнерді дамытуға үлес қоспақ.

Ұлттық ұлан әскеріне келіп, Отан алдындағы борышымды өтеп жүрмін. Ұлттық ұлан әскеріне келгелі бері жоғары оқу орынына түсемін деп ойламадым. Мен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының ұжымына үлкен алғысымды білдіремін, - деді қатардағы жауынгер Ризат Қайыркен.

Шара әскери бөлім өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Еске салайық, 2-2022 жылы әскерге шақырылған әскери қызметшілерге арналған білім жобасына Ұлттық ұланның 6402 сарбазы қатысты.

Следующая →