Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
533.75
¥
67.85
5.36
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде қоқыс сұрыптау байқауында жеңіске жеткен үй анықталды

Қалалық әкімдік "Эко-үй" қоқыс сұрыптау байқауынан 1-орын алған үйдің ауласына балалар алаңқайын салып берді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде қоқыс сұрыптау байқауында жеңіске жеткен үй анықталды
Фото:
Устинка LIVE / автордікі

Энтузиаст көшесі, 15-үйдің тұрғындары ең көп қоқысты сұрыптап, қала басшылығы уәде еткендей балалар үшін ойын алаңын салып берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олар барлығы 120 мың теңгенің қоқысын өткізген.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық әкімдік бұл челленджді көктемде жариялаған болатын. Шарт бойынша, көпқабатты үйлердің тұрғындары қайта өңделетін қоқысты жинап, қалалық экопунктерге тапсыруы керек болатын. Ал өткізілген қоқыс мөлшеріне қарай беріліп отырған түбіртектерді жинау қажет. Көп түбіртек жинаған үй жеңімпаз атанады. Ал басты сыйлық – тұрғындардың таңдауына қарай үй ауласын абаттандыру. Яғни, көшеге жарық тартып беру, балалар ойын немесе спорт алаңын салып беру.

Байқауға атсалысып, талаптарды түгелдей орындаған қаладағы үздік үйлердің бірі – Энтузиаст көшесі, 15. Бұл үйдің тұрғындары осылайша көпке үлгі бола отырып, қаншама жылдар бойы болмаған ойын алаңын сыйға алды.

Әр үйден қоқыс шығарған кезде сұрыптап шығарылуы керек: қағазы бөлек, шынысы бөлек, пластигі бөлек. Сонда қоқысты қайта өңдеу оңай болады. Бұл экологиялық үлкен жоба. Осы жобаны ынталандыру үшін халық арасында байқау ұйымдастырдық. Қай аула белсенді болып, сұрыптауды қолға алса, балалар ойын алаңшасын салып береміз деп уәде еттік. Сіздердің қоқыс сұрыптау бойынша көрсеткен үлгілеріңіз үшін балаларыңыз, немерелеріңіз үшін осындай ойын алаңын салып бердік, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Үй тұрғындарының басын біріктіріп, байқауға қатысуға бастама көтерген – осы үйдің тұрғындарының бірі Айгүл Тұрарова. Ол көбінесе қағаз бен картон өткізгендерін айтады.

Осы ойын алаңын салып бергендердің барлығына алғыс айтамын, - деді Айгүл Тұрарова. - Басында сенімсіздік болғанымен, байқауға қатысып көрудің өзі қызық болды. Бірақ нәтижесінде жеңімпаз атандық. Өскемен қаласының тұрғыдарын қоқыс сұрыптау байқауына белсенді қатысуға шақырамын. Өйткені осылайша расымен маңызды мәселелерді шешуге болады. Оның үстіне бұндай шаралар үй тұрғындарын ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа үйретеді.

Айта кетейік, бұл үйлерде 90-шы жылдардан бері тұратындар ойын алаңқайлары мүлдем болмағанын, балалар ойнайтын орындардың болмағанын айтады.

Следующая →