ШҚО-да тұман, қатты жел күтіледі
Синоптиктер ертең түнде және таңертең тұман тұратынын және жел жылдамдығы 23 м/сек дейін күшейетінін ескертті
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 15 қарашада түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
ШҚО ТЖД мамандары көлік жүргізушілеріне қауіпсіз жылдамдықты сақтап, жаяу жүргіншілерге жолда абай болуды ескертті.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасынан білуге болатынын еске саламыз.