Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
485.04
525.98
¥
68.29
5.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Шығыс салбұрыны - 2023" халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді

Жарысқа әлемнің бес елінен және еліміздің әр өңірінен бүркітшілер қатысады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Шығыс салбұрыны - 2023" халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді
Фото:
Устинка LIVE

Сондай-ақ, Қазақстаннан және шет елдерден 600-ге жуық турист келеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Бүркітшілер сайысын Ұлан ауданы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Биылғы фестиваль Бозанбай ауылында 24-25 қараша күндеріне жоспарланған. Мақсаты - ұлттық спорт түрлерін дамыту, халық арасында ұлттық құндылықтарды құрметтеу, патриотизмге тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және әлемнің бес елінен 40 бүркіт, 10 сұңқар және 30 тазы қатысады. Сонымен қатар, шараға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Республикалық "Қыран" федерациясы" қоғамдық қорының вице-президенті Бағдатхан Мүптекеқызы және әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да қатысады, - дейді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасов.

Екі күндік жарыс барысында қыран құсты қолға шақыру, шырғаға салу, қоянға салу, түлкіге салу, сұңқарды кептерге салу түрлері бойынша өтеді. Тазы иттерді 1 км қашықтыққа жүгіртеді.

Қазақстаннан және шет елдерден 600-ге жуық турист келеді деп жоспарлануда. Осы жарыстардан өзге, облыстың танымал жиһанкезі, Ұлан ауданының тумасы Мұхтар Тойбазаровтың қолдауымен қонақтар үшін атпен серуендеу, садақ ату, бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны ұйымдастырылады, - деп толықтырды спикер.

Жарыс өтетін жерде, қазақ этностилінде 15 киіз үй тігіледі. Олардың әрқайсысының ішінде қазақ халқының халық қолөнерінің көрмесі ұйымдастырылып, ниет білдірген қонақтар үшін шеберлік сағаттары өтеді.

Следующая →