ШҚО тұрғыны құрбыларының атынан онлайн несие рәсімдеген
Үш адамның атынан жалпы сомасы 9 миллион теңгеден астам онлайн несие алған
Ол несиені құрбыларының ұялы телефондары арқылы рәсімдеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Өскемен қалалық ПБ Үлбі полиция бөліміне қаланың 23 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, құрбысы жеке деректерін пайдалана отырып, оның атынан жалпы сомасы 3 200 000 теңгеге онлайн несиелер рәсімдеген. Ол туралы өзі банктен қоңырау шалғанда бірақ білген, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында 22 жастағы күдіктіні ұстады.
Тергеу барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас тағы екі алаяқтық іске қатысы бар екені анықталған.
Ол дәл осылай екі азаматты 1 және 5 миллион теңгеге қарызға батырған. Күдікті қоңырау шалу үшін телефондарын алып, кейін банктің қосымшасы арқылы несие рәсімдеген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.