Елік атып алған ШҚО тұрғыны ұсталды
Ол осы әрекетімен табиғатқа 1 миллион теңге залал келтірген
ШҚО-да заңсыз аң аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ПД ақпарартына сүйеніп.
Самар ауылының шыға берісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Nissan автокөлігін тоқтатқан, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - 49 жастағы азаматтың көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің өлі денесін байқаған.
Табиғатқа келтірілген залал 1 миллион теңгеден асты.
ҚР ҚК-ның 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.