Қызылордада жөнделген көшелерді қайта жөндеуге негізсіз қаржы бөлінген
Қалалық әкімдік жөнделіп қойған көшелерді қайта жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлген
Қызылорда қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.
2020 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген
Еске салайық, "Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы" Бұйрықтың 4.1. тармағына сәйкес автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзімі 6-9 жылды құрайды (Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының 21.12.2018 ж. №131).
Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған, - деп хабарлады Прокуратура. - Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.