Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +26°
$
447.25
485.18
¥
61.77
4.96
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ПД бастығы жастар жеңіл ақша табу үшін қандай қылмысқа жиі баратынын айтты

Бүгін ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерімен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ПД бастығы жастар жеңіл ақша табу үшін қандай қылмысқа жиі баратынын айтты
Фото:
ШҚО ПД

Бұл жиын бұрынғыдан өзгеше, креативті форматта өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ең алдымен студенттерге департамент мұражайының экспонаттарын, нысанды киім-кешек, заманауи қару-жарақ, полицейлердің қазіргі уақытта қолданатын арнайы құралдарын көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкіндігі ұсынылды. Сондай-ақ, салалық басқармалардың басшылары студенттерге өз жұмыс бағыттары бойынша презентациялар көрсетті.

Артынша облыстың бас полицейі есірткі сатушылар мен алаяқтардың құрбанына айналмаудың негізгі қағидаттары, сондай-ақ жол тәртібі мен лудоманияның қауіптілігі туралы түсіндірді.

Қазіргі заманда өскелең ұрпақ тез және оңай пайда табу жолында алаяқтардың құрсауына жиі тап болады, бірақ мұндай жол заңды бұзуға және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін білген жөн. Сайып келгенде, соттылық алдағы өмірінде көптеген кедергілерге әкеп соқтырады. Күш-жігерді біріктіре отырып, біз салауатты болашақ құра аламыз, - деді Ерлан Болатұлы.

Полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков полицияда қызмет етудің артықшылықтары туралы, құқық қорғау органдарына қалай орналасу керектігі және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы хабадар етіп, ішкі істер органдарына қызметке келгісі келетін ЖОО-ның болашақ түлектерін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

Жастармен үнемі диалог болуы керек. Өйткені болашақ солардың қолында және еліміздің ертеңі кандай болатыны да соларға байланысты, - деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы.

Фото:
ҚАЕУ баспасөз қызметінен
Следующая →