Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мен Қытай бірлесіп фильмдер мен анимациялар түсірмек

2-5 қараша аралығында Бейжіңде қазақ киносының апталығы өтті

Новости мира / Қазақстан мен Қытай бірлесіп фильмдер мен анимациялар түсірмек
Фото:
ҚР СІМ

Кино апталығы аясында қос елдің өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР СІМ ақпаратына сүйеніп.

Бейжіңге барған қазақстандық делегацияның құрамына "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды басқарған "Томирис", "Біржан сал", "Шал", "Оқу іздеген Адемока", "Композитор", "Отансүйгіштер уақыты" фильмдерінің және "Мұзбалақ" мультфильмінің актерлері, режиссерлері мен продюсерлері кірді.

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышев берік саяси диалогқа баса назар аудара отырып, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, әсіресе кинематография саласындағы әрекеттесуді одан әрі кеңейтуге үміт білдірді.

Кино апталығы аясында тараптар "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Қытай коммуникация университеті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға", "Қазақфильм" АҚ мен "United Family" Шэньчжэнь медиа корпорациясы арасында 2024 жылы Фильмдер мен анимацияларды бірлесіп шығару ниеті туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлады ҚР СІМ.

Тараптардың алдын ала уағдаластығы бойынша Қытайдың басқа да ірі қалаларында қазақ фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастыру жоспарлануда.

Следующая →