Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Бүркіт" фильмінің бас кейіпкері Өскемендегі ұландықтарға бейнеүндеу жолдады

"Бүркіт" кинокартинасында басты рөлді сомдаушылардың бірі танымал актер Дәурен Серғазин "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөліміне бейнеүндеу жолдады

Усть-Каменогорск и ВКО / "Бүркіт" фильмінің бас кейіпкері Өскемендегі ұландықтарға бейнеүндеу жолдады
Фото:
instagram.com/dauren_sergazin

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері үндеуінде ел игілігі жолында тайсалмай, жауынгерлік қызметтің жауапты жүгін арқалап жүргендерге құрметінің бөлек екендігін айтты. Сонымен қатар, өз міндеттерін абыроймен атқарып жатқан Өскемен қаласындағы әскери қызметшілерге деген ізгі тілегін білдірді.

Өнер саңлағының жылы лебізіне №6699 әскери бөлімі дән риза. Әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің орынбасары кинодағы актер шеберлігіне жіті тоқталды. Дәуреннің сомдаған рөлі қоғамдағы шиелініске толы қылмыстық топтың бетін ашып, әмбе шытырман оқиғаның шарықтау шегінде культтік сипатқа ие болғандығын алға тартты.

Дәурен Серғазин бірнеше кинокартинада өнер көрсеткен тәжірибелі актер. "Қазбат", "Брат или брак" фильмдерінде көрермен көңілінен шыққан өнер саңлағы бұл жолы да өзін жаңа қырынан таныта білді. "Бүркіт" фильмі арқылы әскери қызметтің қыр-сырына көпшілік қауым әбден қанық болғандай. Қызметке деген тастай берік қайраттылық, жора-жолдасқа деген адалдық көзіқарақты көрерменді гуманизмдік өлшемінің биігіне жетелейтіндей, - дейді әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасары майор Саибжан Сагдуллаев.

Следующая →