Қазақстанға РФ Президенті Путин келеді
Ресей Федерациясының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні келмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақорданың ақпаратына сүйеніп.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады, - деп хабарлады Ақорда.