Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тоқаев Непал Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Непалда жойқын жер сілкінісі болып, 160-қа жуық адам көз жұмған

Новости мира / Тоқаев Непал Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото:
akorda.kz

Мемлекет басшысы Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақорданың ақпаратына сүйеніп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал Президентіне және халқына көңіл айтты.

Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, осыдан 3 күн бұрын Непалдың солтүстік-батысында 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы елдің астанасы Катмандудан 500 шақырымдай жерде тіркелген.

Опат болғандар саны кешегі күні 157-ге жеткен, тағы 187 тұрғын жараланған. Табиғи апат аумағында іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Жергілікті билік жапа шеккендер саны артуы мүмкін екенін айтады.

Следующая →